«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің биылғы жылы аса ауқымды тарихи оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтетіні аса маңызды.

“Біз, Қазақстан халқы” деген сөздермен басталатын Конституцияны қабылдадық. Негізгі Заңның осы үш сөзінде біздің басты құндылығымыз – еліміздің көпэтносты және көпконфессиялы халқының бірлігі көрініс тапты”, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Дамудың достық пен барлық этностардың топтасқандығына негізделген қазақстандық жолын әлемдік қауымдастық лайықты танып отыр.

Біздің елімізде тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің берік іргетасына айналған тамаша жалпыазаматтық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Біздің жас елордамыз – Астана қаласы әлемдік және дәстүрлі діндердің нағыз үнқатысу орталығына айналды.

Қазақстанның ядролық қарудан ада бейбітшілікті орнатудағы теңдессіз қадамдарын халықаралық қауымдастық жоғары бағалады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылғы 31 наурызда АҚШ-та болған ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммитте ұсынған “Әлем. ХХІ ғасыр” Манифестінің идеялары осыған бағытталған.

Бүгіндері бірлік пен толеранттық сияқты баға жетпес құндылықтар қазақстандықтардың күнделікті тұрмысынан берік орын алды.

Бүкіл халықтың топтасуы – елімізде жүргізіліп келе жатқан жан-жақты жаңарулар мен реформалардың ойдағыдай орындалуының берік кепілі.

Қымбатты жерлестер!

Солтүстік Қазақстан өңірі 90-нан аса этнос өкілдерін біріктіріп отыр. Бұл – біздің басты құндылығымыз. Оны қорғап, сақтай білуге тиіспіз.

Барша облыс тұрғындарының бірлігі, туған өлкенің тағдырына жауапкершілікті сезіне білуі өңіріміздің одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады.

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, игілік және барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp