«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекенің біздің еліміз үшін маңызы зор.

Конституция қоғамдағы саяси тұрақтылықтың, азаматтық татулық пен ұлттық келісімнің кепілі болып табылады.

Еліміздің Ата Заңы әр қазақстандыққа ең маңыздысы – сайлау құқығын және өз бостандығын қорғау мүмкіндігін береді. Тәуелсіздік – бұл болашақ ұрпаққа тапсыру үшін көздің қарашығындай сақтайтын және нығайтатын біздің байлығымыз. Қазақстанның өз дамуының 25 жылы ішінде қол жеткізген табыстарының барлығы – егемендік пен сенімді құқықтық негіздің жемісі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясатының нәтижесінде біздің елімізде өзіміздің “қазақстандық даму жолы” қалыптасты. Оның эволюциялық сипаты бар және басқаларына мүлдем ұқсамайды. Осызаманғы мемлекеттің саяси жүйесінің сенімді іргетасын қалау оның негізіне алынған.

Бүгіндері Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алып отыр. Біздің еліміз барлық Орта Азия өңірінде заңды түрде көшбасшы және сенімді серіктес болып саналады.

Әр күн біздің мемлекетіміздің алдына жаңа перспективалар ашады. Конституция қолданысқа енгізілген жылдар ішінде жинақталған тәжірибеміз ішкі міндеттерімізді шешуге, сондай-ақ, заманның жаңа талаптарына тиімді жауаптар беру үшін қажет болуда.

Республика Президентінің “100 нақты қадам” Ұлт жоспары біздің елімізді мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи деңгейіне көтеріп отыр. Бұл стратегиялық бағдарлама қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, біздің еліміздің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерге тән жоғары әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуіне бағытталған.

Негізгі Заңның талаптарын қатаң сақтай отырып, Қазақстанның нығаюы мен гүлденуі біздің бірлігімізге, бірлескен күш-жігерімізге тәуелді екеніне нық сенеміз.

Солтүстік Қазақстан облысы ырғақты даму үстінде. Өңірімізде жаңа кәсіпорындар іске қосылуда, жұмыс орындары ашылуда, тұрғын үйлер мен әлеуметтік мақсаттағы нысандар бой көтеруде, агроөнеркәсіптік кешен жоғары қарқынмен даму үстінде.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен барлық солтүстікқазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасына бақыт, мықты денсаулық, игілік, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp