«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Мұсылмандардың ұлық мейрамдарының бірі – Құрбан айт бағзы замандардан бері жоғары рухани құндылықтар – мейірімділік пен ізгіліктің бейнесі іспеттес. Бүгіндері бұл діни мейрам баршаны бірлік пен өзара түсіністікке шақыратын бүкілхалықтық сипатқа ие болды.

Қазақстан этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауда бай тәжірибе жинақтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында біздің еліміз әлемге жалпыұлттық келісім мен қоғамды біріктірудің үлгісі ретінде танылды. Жыл сайын Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі оған дәлел бола алады.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Құрбан айтты атап өтуіміздің ерекше мәні бар. Себебі, Тәуелсіздікке қол жеткізуіміз Қазақстан халқына ұлттық және діни мерекелерді тойлауға мүмкіндік берді.

Құрбан айт қазақстандықтардың рухани өміріндегі елеулі оқиға болып табылады. Нақ осы күндері адам жаны күнәдан тазаланады, адалдыққа, жақсылық жасауға ұмтылады деп саналған.

Айт күндері мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, ағайын-туыстар мен жақындарды аралап, марқұмдарға Құран бағышталады.

Құрбан айт мейрамының жарқын идеялары алдағы уақытта біздің елімізде халықтардың топтасуына, бірлікті нығайтуға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесетініне сенімдімін.

Барша солтүстікқазақстандықтарға шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік, ізгілік пен амандық тілеймін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp