«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Христос Рождествосымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – христиан күнтізбесіндегі басты және қуанышты мерекелердің бірі.

Барлық әлемдегі православие дініндегілер Рождествоны жаңа өмірдің бастауымен, үміт пен сенімнің нығаюымен байланыстырады. Мереке әр дінге сенушінің жанын қайырымдылыққа, шыдамдылық пен ізгілікке бөлейді. Бұл жарқын мейрам күндері адамдар бір-біріне ерекше сезіммен аман-саулық пен отбасылық бақыт тілейді.

Қазақстанда ежелден әртүрлі этностар мен діни сенім өкілдері татулықта және келісімде өмір сүріп жатыр. Біздің елімізде Рождество үйлесімдікті, ізеттілік пен өзара түсіністікті бейнелейді.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында республикамызда барлық азаматтардың діни сеніміне құрметпен қарау дәстүрі қалыптасқан және бұл көпконфессиялық келісімнің маңызды негіздерінің бірі болып табылады.

Біздің халқымыздың бірлігі мен топтасқандығы еліміздің тұрақты дамуының кепіліне айналды.

Бүгіндері біздің мемлекетіміздің алдында одан әрі дамудың маңызды міндеттері тұр. Тек күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз және еліміздегі қолайлы ахуалды өзіміздің ұрпағымыз үшін сақтай аламыз.

Осы мерекеде барлық солтүстікқазақстандықтарға шын жүректен мықты денсаулық, құт-береке, бақыт, татулық және игілікті істерде табыс тілеймін.

Христос Рождествосы мейрамы әр шаңыраққа жылылық, қуаныш және өзара түсіністік әкелсін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp