Қымбатты әйелдер!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйелдер ежелден шаңырақ отын өшірмей, отбасы жылуы мен жайлылығын сақтайтын дана ана және сенімді жар ретінде қоғамда айрықша рөл атқарып келеді.
Әйелдер бүгінгі таңда да өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда. Сіздер саяси үдерістерге қатысасыздар, ғылым және өнермен, қайырымдылықпен, қоғамдық қызметпен айналысасыздар, бизнесте де толымды табыстарға қол жеткізіп отырсыздар.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде, әйел басқаратын ортада әрқашан тәртіп, талап, сенім және іске адалдық орнығады, деді. Қай салада еңбек етсе де, әйелдер бойындағы кәсіби шеберлік, жауапкершілік және тапсырылған іске адалдық секілді асыл қасиеттер олардың зор жетістіктерге қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Соның өзінде Сіздер нәзік әрі тартымды қалыптарыңыздан айнымайсыздар. Сіздер әрқашан ер-азаматтарға көмекке келіп, қолдау білдіріп, рухтандырып, ақыл беруге дайын тұрасыздар.
Біздің қоғамның келешегі – әйелдердің қолында. Нақ Сіздер біздің балаларымызды ізгі істер мен әрекеттерге бағыттай отырып, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіресіздер.
Біздің елімізде ана мен баланы қолдауға, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге билік органдары тарапынан ерекше назар аударылуда.
Құрметті әйелдер!
Сіздер ақылды, шыдамды, кең жүректі, асыл мінездеріңізбен отбасы жылуы мен жайлылығын сақтап отырсыздар. Сол үшін де Сіздерге шын жүрегімнен рақмет айтқым келеді.
Көктемнің шуақты мерекесімен біздің қымбатты аналарымызды, жан-жарларымызды, әпке-қарындастарымыз бен қыздарымызды құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, игілік, қуаныш пен бақыт тілеймін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.