Мамыр айында елімізде үш бірдей мемлекеттік мереке атап өтіледі.
Айдың алғашқы күні Қазақстан халқының бірлігі мейрамы аптаның ортасында, сәрсенбіде тойланады. Одан кейінгі аптадағы сейсенбіде, жылдағы дәстүрмен 7 мамырда қазақстандықтар Отан қорғаушылармен бірге демалады. Бір күннен кейін Ұлы Жеңіс күні атап өтіледі. Мамырдың 10-ы, жұмадағы, жұмыс күні мамырдың 4-і, сенбіге ауыстырылатындықтан ел халқы қатарынан төрт күн — 9,10,11,12 мамыр күндері демалу мүмкіндігіне ие болады.