«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МАЙДАНГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Астана күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі Ерік Сұлтанов Ұлы Отан соғысының ардагері Валентина Устименкоға барып, жағдайын білді.

Зұлмат соғыс жылдары 579-шы атқыштар полкінде 207-ші атқыштар дивизиясында фельдшер ретінде Отан алдындағы борышын өтеген Валентина Петровна бейбіт өмірде облыстың бірқатар ауруханаларында еңбек еткен. Бүгінде 90 жастың төріне бет алған ардагерді өңір басшысы Ерік Сұлтанов Астана күнімен құттықтап, игі тілектерін айтып, қандай мұқтаждығы бар екенін сұрады. Жағдайының жақсы екендігін, жас ұлғайған сайын денсаулығының сыр беріп жүргендігін айтқан Валентина Устименко өңірімізде болып жатқан жаңалықтарды сұрап, зауыттардың жұмысына қызығушылық танытты. Облыс әкімі ардагерді өңірдің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp