«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕРЗІМІ ЖАҚЫНДАП ҚАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 1 қазанда жер мен мүлік салығын және 31 желтоқсанда көлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын тұрғындардың естеріне салады. Үй, пәтер, гараж, саяжай, жер телімі, өзге де құрылыстар мен көлік үшін төленетін біржылдық салық уақтылы рәсімделгені жөн. Сондай-ақ, Салық кодексінің 403-бабына сәйкес аяқталмаған құрылыс нысандарына да салық төленетіндігін ескертеміз.

Жеке тұлғалар салық органы есептеген, мүлік және жер салығы орналасқан жері, ал көлік салығы тұрғылықты орны бойынша бюджетке төленеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің web-сайтында (http://kgd.gov.kz), облыстық департаменттің мультисайтында (http://sko.kgd.gov.kz) салық сомасы көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл дерек көздерінде уақтылы төленбеген салықтың өсімпұл сомасын да көруге болады.

Бұдан басқа, Петропавл қаласы, Мир көшесіндегі 85-үй мекен-жайындағы мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында мүлік, жер және көлік салықтарының сомасы мен ақпараттары бойынша хабарламалар басып шығаратын терминал қызмет істейді. Ол хабарламаны алу үшін төлқұжат болса жеткілікті. Терминал сканер арқылы төлқұжаттың штрихкоды мен ЖСН шифрін оқып, автоматты түрде хабарлама басып шығарады. “Казпочта” АҚ арқылы жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары комиссия төлемінсіз қабылданатынын ескертеміз. Төлем бланктері – тегін.

Салық уақтылы төленбеген жағдайда мерзімі асқан әр күн үшін өсімпұл есептеледі. Төлем уақытын тым созып жібергендер әкімшілік жауапқа тартылады, кейде іс соттың араласуымен шешіледі. Ондай жайсыздықтарды тудырмас үшін салық төлемін белгіленген уақыттың ішінде төлеулеріңізді сұраймыз.

Сәлима РАМАЗАНОВА,

облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің

бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp