Қазақстанда “проблемалық” ипотекашылардың қарызын қайта қаржыландыру бағдарламасын 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту қарастырылуда.
– Бізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2015 жылы қабылданған қайта қаржыландыру бағдарламасы бар және оны жүзеге асыру аясында корпоративті табыс салығы мен жеке табыс салығына қатысты белгілі бір мәселелер туындады. Бүгінде бағдарлама сұлбасы мына тізбемен жұмыс істейді: екінші деңгейлі банктерге қаражат аударатын проблемалық қарыз қоры бар және банктер осыдан кейін қаражатты игереді, осылайша олар проблемалық қарыз алушыларды қайта қаржыландырады, – деді “Қаржылық қызметтерді дамытудың Ұлттық қоры” ҚҚ-ның төрағасы Андрей Ли.
Оның айтуынша, бұрынғы бағдарлама бойынша банктер аударылған қаражаттарды тоғыз ай ішінде игеруі тиіс болатын, сәл кейінірек салымдарды игеруді 2016 жылдың желтоқсан айына дейін созу туралы өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, Андрей Ли маусым айында бағдарламаға жаңа қатысушылар – “АФ Ипотека” және “Қазақстан ипотекалық компаниясы” акционерлік қоғамдарының бір-біріне қосылғанын хабарлады.
Ресми мәліметтерге қарағанда, Алматы, Астана, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары бағдарламаға белсенді қатысуда екен.
(Ресми ақпарат).