
24 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей Федерациясы, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 420 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 328 адам, анықтамасыз 91 адам келді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына — 4 рейс, 191 жолаушы, анықтамамен — 184, анықтамасыз — 7;
Алматы қаласының әуежайына — 9 рейс, 1 229 жолаушы, анықтамамен — 1145, анықтамасыз — 84.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Ресей Федерациясының азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.
ttps://egemen.kz