“Барселона” клубының шабуылшысы Лионель Месси жетінші рет Испания біріншілігінің үздік сұрмергені атанды.
Месси біріншілік аясында өткен 33 кездесуде 25 гол соқты. Осылайша, ол “Реалдың” шабуылшысы Карим Бензема мен “Вильярреал” шабуылшысы Жерар Моренадан озып кетті. Сонымен қатар аргентиналық футболшы “Үздік ассистент” атағына да лайық деп танылды. Леонель Месси әріптестеріне 21 нәтижелі пас берген.