«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕТЕОРЛАР ЖАУЫНЫН ТАМАШАЛАУҒА БОЛАДЫ

Бүгіннен бастап жер шарының кез-келген жерінен түнгі аспанда Лиридтер деп аталатын метеор ағынын көру мүмкіндігі бар.

Бұл ғажайып құбылыс 10 шақты күнге жалғасады. Мамандардың айтуларынша, құйрықты жұлдыздардың көктемгі ағыны туралы алғаш рет біздің заманымызға дейінгі дәуірлерде, бұдан 3 мың жылдай бұрын ежелгі Грекия мен Қытай елдерінде білген екен.Бұрын сағатына 1000-ға жуық жұлдыз ақса, қазір жердің қозғалыс траекториясының өзгеріне байланысты ағынның жиілігі сиреп, 20 шақты ғана қалған көрінеді.Астрономдардың есептеулері бойынша, құйрықты жұлдыздардың жылдамдығы секундына 48 километрге жетеді екен.Метеорлар жауынын аспан ашық болса, арнайы оптикалық аппараттарсыз-ақ көруге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp