«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕШІТТЕГІ КЕЗДЕСУ

Мешіт имамдары күнделікті жұмыс барысында діни рәсімдерді атқарумен қатар, жастар тәрбиесіне де қолдарынан келгенше үлес қосып, жетім балалар мен тұрмысы төмен отбасыларға көмек беріп тұрады. Әрине, мұндай игі шаралардың Алла үйінде ұйымдастырылып жатқанына біз әрқашан қуанып отырамыз.

Осындай игі істер бүгінгі күні мешітке келетін жастардың қатарын тіпті көбейтуде. Иманды, адами қасиеттерге бай жас ұрпақ өсіруге үлес қосып отырған діндарларға облыс қажылары да әрдайым қолдау білдіріп, қайырымдылық шараларының басы-қасында жүреді. Жақында Зейнолла қажы Олжабаев отбасымен бірге Құрбан айт мерекесіне орай жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мешітте дастарқан жайды. Ата-ана мейіріміне зәру жеткіншектерге біз де ағалық ақыл-кеңесімізді айттық. Осылайша, екі ұрпақ өкілдерінің рухани кездесуінде діни мерекелердің еліміздегі татулықты, этнос өкілдерінің өзара сыйластығын дәріптеуге үлесінің зор екені де сөз болды. Соңында балаларға берілген сыйлықтар оларды тіпті қуантты.  

Болат САҒЫНДЫҚОВ,

еңбек ардагері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp