«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕШІТТЕРДІ ТІРКЕУ ТАМАМДАЛДЫ

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Қазақстан Республикасының “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заңына сәйкес елімізде мешіттердің қайта тіркеуден өткізіліп жатқаны баршаға мәлім. Бұл жұмыс облыста табысты аяқталды. Бұрын өңірімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 25 филиалы болса, биыл олардың саны 63-ке жетті. Бұл еліміз егемендік алып, дініміз бен ділімізге еркіндік берілуіне байланысты облыс көлеміндегі елді мекендерде барған сайын жаңа салынған мешіттердің көбейе түсуіне байланысты болып отыр.
Заң талаптарына сәйкес діни бірлестіктерді тіркеу үстіміздегі жылдың 25 қазанына дейін аяқталуға тиіс еді. Жүргізілген жедел ұйымдастырушылық шараларының арқасында бұл жұмыс мерзімінен бұрын аяқталды. Бұрнағы күні дін істері жөніндегі департаменттің директоры Нұрислам Ғабдуллин мен ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Қасымхан Абдуллаұлы қалалық және аудандық мешіттердің бас имамдарына облыстық әділет департаментінде тіркелгендігі жөніндегі куәліктерді салтанатты түрде тапсырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp