«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕШІТ ӨРТЕНДІ

Мамлютка қаласындағы қабырғалары ағаштан тұрғызылып, сыртынан кірпішпен қапталған мешіт өртеніп кетті.

Оқыс оқиға жөніндегі хабар өртсөндірушілерге кешкі сағат 18.00-де түскен. Құтқарушылар келіп жеткенде, мешіт қою түтінге оранған болатын. Қызыл жалынды ауыздықтауға отызға жуық өртсөндіруші және алты бірлік техника жұмылдырылды.

Тілсіз жаудың салдарынан ғимараттың шатыры өртеніп, 100 шаршы метр алаң жер зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Бүгінде оқыс оқиғаның себебі мен одан келген шығын көлемі анықталуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp