«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МИГРАНТ” ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Солтүстікқазақстандық полицейлер “Мигрант” жедел-алдын алу шарасын өткізуде. Акция барысында тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының сақталуын тексеріп, заңсыз көші-қонға тосқауыл қояды. 

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

“Мигрант” шарасы барысында полиция қызметкерлері базар, құрылыс алаңдары, сапаржайлар мен өзге елден келушілер көптеп жиналатын жерлер мен ойын-сауық орындарын тексереді. “Рубеж” жүйесіндегі бекеттерден өтетін транзиттік көліктер де назардан тыс қалмайды. Петропавл қаласы аумағында орналасқан “Алатау” базарында Қырғызстанның 1995 жылы туған азаматы ақпан айынан бері жүк тиеуші болып жұмыс істеп келген. Осы дерек бойынша материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілген болатын. Петропавл қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталмыш тұлғаларға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

“Мигрант” жедел-алдын алу шарасының алғашқы күнінде ғана ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексінің 394-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында болу ережесін сақтамаған 66 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстық сот шешімі бойынша елден 11 шетел азаматы шығарылды. 11 келушінің елде уақытша болу мерзімі қысқартылды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp