«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МИНИСТРДІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова келді.

 

Сапар  мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген халықтың әл-ауқатын  жақсартуға бағытталған шараларды насихаттау. Министр Қызылжар ауданына шетелдерден және еліміздің оңтүстігінен қоныс аударған азаматтардың тұрмыс жағдайымен танысты. Биылғы жылы облыс аумағына 384 отбасы көшіп келген екен.  Актив жиынында да әлеуметтік мәселелер басты назарда болды. Министрдің айтуынша, ең төменгі еңбекақы 1,5 есе өсіріліп, 42,5 мың теңге болады. Бұл көрсеткіш еңбекақы төлеудің ең төменгі стандарты болып бекітілгендіктен алдағы 2019 жылдан бастап, еңбек ететін жандардың ешқайсысы бұдан кем жалақы алмайды. Облыста білім беру саласында еңбек ететін  900-ден астам қызметкер баспанаға мұқтаж екен. Бұл ретте Мәдина Әбілқасымова алдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысында баспананы арнайы жеңілдіктермен алуға негізделген пилоттық жоба жүзеге асырыла бастайтынын айтты.     

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp