«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МИТРОПОЛИТ АЛЕКСАНДР ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Астана және Қазақстан мирополиты Александр “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлымен кездесіп, мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. «Бұл мереке мейірімділік пен бақ-берекенің символы саналады. Осы күні ескі өкпе-реніш ұмытылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, дұға оқылатынын білемін», – деді митрополит Александр.

Сондай-ақ, ол Құрбан айттың мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жолында үлкен маңызға ие екендігін, Қазақстанның бірлік пен бейбітшіліктің арқасында ғана жаңа табыстарға қол жеткізетінін айтты.”Біз бірлігіміздің арқасында экономикада және халқымыздың әл-ауқатын арттыру ісінде зор жетістікке жеттік. Қазір барша қазақстандықтар достықты, татулықты ең үлкен байлығы ретінде көреді, сол үшін сіздерге ризамын. Біз достық пен өзара түсіністікті, бір-бірімізге деген сенімді нығайтуға бағытталған шараларды жалғастыратын боламыз. Осындай бастамамамен ғана алға ілгерілеп, болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасай аламыз”, – деді Александр.
Кездесу барысында мейман мешіт ішін аралап көрді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp