«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МОЛ ӨНІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мен Алматы қаласындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының мамандары бірлесіп өткізген іс-шара агросалаға заманауи технологияларды енгізу тақырыбына арналды.

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы директорының орынбасары Гнел Арзуманян аудандардан келген диқандарға «Кең дала – 2» жобасының артықшылықтары жайында айтып берді. Жоба аясында шаруаларға 5 пайыздық үстемеақымен несие берілуде. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер ұсынған қарыздың 85 пайызын «Даму» қоры кепілдендіреді. Бұл – шаруалар үшін үлкен қолдау.

Ауыл шаруашылығы саласының дамуы ауа райы мен кенеттен орын алатын табиғи апаттарға тікелей тәуелді болғандықтан, машақаты көп әрі тиімсіз кәсіп саналып келді. Алайда ғасырлар бойы қалыптасқан бұл көзқарасты соңғы жылдары салаға батыл енгізіліп жатқан жаңа технологиялар жоққа шығарып отыр. Мамандардың сөзінше, заманауи технологиялар диқандарға миллиондаған қаржы жұмсамай-ақ мол өнім алуға мүмкіндік береді.

– Тыңайтқыштар топырақтың химиялық, биологиялық және физикалық қасиеттерін арттырады. Қажетті дүниенің негізі калий мен фосфордан тұрады. «AgroLab» агрохимиялық зертханасы осы элементтерді қолданып, минералды тыңайтқыштар өндіруді жоспарлап отыр, – дейді «AgroLab» ЖШС- ның бас директоры Дмитрий Усов.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp