Солтүстік Қазақстан облысында күзгі орақ науқаны аяқталды. Биыл солтүстікқазақстандық диқандар мол өнім жинап алды.
Қамбаға 5,3 млн. тонна бидай құйылды, орташа өнімділік гектар басынан 19 центнерден айналды. Былтырғы жылы гектар берекелігі 18,2 центнерді құраған болатын. Өнімділіктің өсуі – диқандардың тынымсыз еңбегі мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесі.
Облыста картоп пен көкөніс жинау науқаны да тамамдалды. Биыл өңір бойынша картоп алқаптары 27 мыңнан 37 мың гектарға дейін ұлғайтылған болатын. Картоп бітік шықты, 588 мың тонна өнім жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 18 пайызға артты. Өңірде 110 мың тонна көкөніс жиналды. Мол өнім облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, картоп пен көкөніс бағасының негізсіз өсуіне жол бермейді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.