Қазіргі таңда облыс бойынша көктемгі егіс науқанына қызу дайындық жүргізілуде.
Жақсы өнім негізі – сапалы тұқым екендігі баршаға мәлім. Зақымданған тұқым егіс шығынына кері әсерін тигізеді. Мұндай өсімдік өскіндері топырақтағы инфекцияның жинақталуының көзі болып табылады. Аурулар өсімдіктегі фотосинтездің, минералды қоректенудің бұзылуына әсер етіп, өсімдіктің өсуі мен дамуын тежейді. Өсімдік функцияларының бұзылуы өнімге залалын тигізеді. Осы орайда тұқымның зақымдануын анықтау үшін жыл сайын астық дақылдары тұқымдарына фитопатологиялық талдау жүргізіледі. Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжам әдістемелік орталығының аудандық филиалдарының мамандары 2016 жылдың наурыз айында облыс бойынша 117453 тонна тұқымды талдаудан өткізді. Оның ішінде 105201 тонна бидай, 11922 тонна арпа, 330 тонна сұлы бар. Тұқымның залалдану көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмен болды.
Зура КЕНЖЕҒАЛИЕВА,
“Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжам әдістемелік орталығы” ММ-нің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының фитопатологы.