“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау қызметінің инспекторы Александр Бодуновскийдің төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының облысымызда іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өтті, онда есепті кезеңдегі жұмыстың қорытындылары талқыланды.
Арнайы мониторингтік топ қызметтің барлық салаларында азаматтық бақылауды жүзеге асыратынын және мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстырушы көпір ретінде әрекет ететінін атап өту қажет.
Жыл ішінде жоспарға сәйкес топтың тоғыз отырысы өткізіліп, жиырмадан астам мәселе қаралған. Оның ішінде облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жоспардың орындалуы, мемлекеттік мүліктің мақсатты ұсталуын бақылау, сонымен қатар жергілікті органдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижесі бойынша енгізілген ұсыныстарды орындау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыс және басқа да мәселелер болды.
Отырыс барысында сондай-ақ, облысымыздағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына мониторинг нәтижесі, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу бойынша жұмыс туралы мәселе қаралды.
Ілияс СӘБДЕНОВ, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.