Еріншектің ойында,
Елгезектің қолында.
* * *
Қақпаның тірегі – екі тас,
Үйдің тірегі – екі бас.
* * *
Бірге туғаны бардың
Берік қорғаны бар.
* * *
Жаңа істің жан қиналтпайтыны жоқ.
* * *
Сүргімен өңдеген соң,
Балтамен жөндемес болар.
* * *
Халық әні қартаймайды.
* * *
Күн көтерілсе, көлеңке қысқарар.
* * *
Жақсы орын бос тұрмас.
* * *
Тігісіне қарай киісі.
* * *
Ойсызға өсек те шын боп көрінер.
* * *
Бағың барда, қонаққа шақырар,
Бағың тайса, жыланша атылар.
* * *
Ұлы істе оңай жол болмайды.
(Әлем халықтарының мақал-мәтелдері
кітабынан).