«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МУЗЫКАЛЫҚ МОНОҚОЙЫЛЫМ

Жастар сарайында солтүстікқазақстандық көрермендер назарына «Артист. Иллюзия должна продолжаться» атты музыкалық моноқойылым ұсынылды. Сахнада ресей әншісі Сергей Дудинский және облыстық филармонияның симфониялық оркесті өз өнерін көрсетті.

Сергей Дудинский – дарынды әнші, композитор. Талантты әртістің Петропавлға әр сапары көрермендердің есінде ерекше сақталып қалады. Түрлі жанрлардың қоспасы, симфониялық музыка ерекше әсер тудырады.
Өзінің айтуынша, «Артист» бағдарламасы өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі музыка дәуірін қамтиды. “Бұл бағдарламаға Фредди Меркьюри, Уитни Хьюстон, Фрэнк Синатра және т.б. есімдері аңызға айнлаған тұлғалардың әндері енгізілген. Басты мақсат – музыканың жасы да, шегі жоқ екенін адамдардың санасына құю”, – деді Сергей Дудинский.
Әншімен бірге жұмыс істеген әріптестері оның бойындағы тума талант пен ерекше қарапайымдылығын ерекше атап өтеді. Бұған дейін Сергеймен бір сахнада өнер көрсеткен дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов та әріптесі туралы жақсы пікір білдірді.
Жыл сайын Сергей Дудинский сүйікті тыңдармандары үшін репертуарын жаңа жанрлармен толықтырып отырады. Ол осы күнге дейін «Артист. Иллюзия должна продолжаться» атты бағдарламасымен Еуропаны шарлап үлгерген. Енді, мейман Ресеймен шекаралас елдерді аралап, халықты өз өнеріне тәнті етпек.  

http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp