«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МУРАТАМЕН ЖҰДЫРЫҚТАСУЫ МҮМКІН

Кәсіпқой бокстан “IBF” және “IBO” нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жа­пониялық Рёта Муратамен жұдырық­тасуы мүмкін. 

“Boxingnews24.com” сайты таратқан ақ­паратқа сенсек, қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер бұл күндері келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Егер қос тарап ортақ мәмілеге келген жағдайда, жанкүйерлер алдағы уақытта Геннадий Го­ловкин мен Рёта Мурата арасындағы жекпе-жекті тамашалауы мүмкін.

Күн Шығыс елінің өкілі Рёта Мурата 2013 жылдан бері кәсіпқой рингте бақ сынауда. Шаршы алаңға 17 мәрте көтерілген ол 15 рет жеңіске жетсе, соның 12-сін мерзімінен бұ­рын аяқтаған. Жапон жігіті соңғы екі жекпе-жегін америкалық Роб Брантқа қарсы өткізіп, 2018 жылдың 20 қазанында ұтылса, 2019 жылдың 12 шілдесінде есе қайтарды. Бұл күндері Мурата “WBA” нұсқасы бойынша әлем чемпионы тәжінің иегері.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp