Петропавл қаласында ұлттық спорт түрлерінің кезекті фестивалі өтті. Жарыс барысында 150-ден астам спортшы қазақ күресінен, асық атудан және тоғызқұмалақтан сынға түсті.
Қазылар алқасының шешімімен облыстық ұлттық спорт мектебінің өкілдері қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан жалпыкомандалық бірінші орынға лайық деп танылса, асық атуда қазақ-түрік лицейінің оқушылары топ жарды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.