
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында “Ұлы дала тұлғалары” ғылыми-көпшілік серияларын шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру қажеттігін тапсырған болатын. Қазақтың киелі топырағында талай нар тұлғалар дүниеге келгені белгілі. Өкінішке қарай, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы көпшілік біле бермейді.
Сол себепті, “Soltústik Qazaqstan” газеті 2019 жылы “Alashtyń ardaqtysy” атты жаңа айдармен жеріміздің бүтіндігі, еліміздің егемендігі жолында құрбан болған қазақ халқының қайсар ұлдары жайлы танымдық мақалалар жариялауды жоспарлап отыр.
Жаңа айдармен берілген алғашқы мақаламыз Айыртау ауданында туған Алаш қайраткері, белгілі экономист әрі заңгер Мәмбетәлі Сердалин туралы. Мақаланы газетіміздің бүгінгі санынан №1 5.01.2019 ж. оқи аласыздар.