Ленин ауданындағы “Бұлақ” ауылшаруашылық артелінің мүшелері еліміз бен Қызыл Армияның астық қорын неғұрлым молайту үшін жоспардан тыс егін егу жөнінде облысымыздың барлық колхозшыларына және тракторшыларына арнап үндеу жазып, отаншылдық тамаша іс бастаған болатын. Егіс даласында тынбай еңбек істеу нəтижесінде “Бұлақ” колхозының колхозшылары өздерінің сертін абыроймен орындады. Колхозшылар, бұл колхозда жұмыс істеген МТС тракторшылары отаншылдық іс бастап алған міндеттемелерін басқалардан үздік орындаумен іс үлгісін бір көрсетсе, екіншіден, өздерінің қандай міндеттеме болса да əрқашанда мүлтіксіз орындайтындығын сипаттады.
(“Ленин туы” газеті,
7 маусым 1944 жыл).