«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МІНДЕТТЕР ТОЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Еркінбек Байболовтың төрағалығымен департаменттің жергілікті әскери органдарының үстіміздегі жылы атқарған жұмыстарының қорытындысына және алда тұрған міндеттерді талқылауға арналған кеңес өтті. Аталмыш шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет қатысты.

Шара барысында полковник Еркінбек Байболов 2015 жылы департаменттің алдына қойылған міндеттер толығымен орындалғанын баяндады. Ол негізгі күш жеке құрамның жауынгерлік даярлығын нығайту және оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау, материалдық базасын күшейту жұмыстарын жүргізуге бағытталғанын атап айтты.  

Басқосуда аяқталған күзгі әскерге шақырылым қорытындылары пысықталып, жаңа міндеттер айқындалды. Биылғы күзгі әскерге шақыру науқанында Қарулы Күштер қатарына облыстан 600-ден астам жас аттанды.

Кеңесте облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасарлары Тимур Бидайбеков, Мақсат Мұқанов пен Қайрат Ысқақов өз салалары бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп берді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp