“Оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу” жобасын іске асыру аясында мектеп басшыларына арналған шара өтті.
Шарада бүгінгі күні жасөспірімдер арасында белең алып бара жатқан аутодеструктивті мінез-құлыққа жол бермеу туралы әңгіме өрбіді. Әсіресе, оқушылардың арасында ішімдікке, нашақорлыққа, басқа да химиялық улы заттарға әуестенушілік салдарынан өз-өзіне қол жұмсау көбейіп бара жатқандығы айтылды.
Шараға қатысқан қалалық прокуратура өкілі Марат Құрманбаев, саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологі Карина Искакова және тағы басқалары аталмыш тақырыпты жан-жақты талқылап, жасөспірімдер мінез-құлқының осындай формасының пайда болу себептері жөніндегі ойларын ортаға салды.
Гүлден АҚМАҒАМБЕТОВА,
Петропавл қалалық білім
бөлімінің әдіскері.