«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МІНСІЗ ҚЫЗМЕТ ҮШІН – МАРАПАТ

Қызылжар ауданындағы “Әби-Жер” ЖШС-інің гараж меңгерушісі Гүлденер Әбішева Асанов ауылдық округі аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға белсене ат салысқаны үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі бастығының Алғыс хатына ие болды. 

Айналасындағы оқиғаларға бей-жай қарай алмайтын жанға марапатын Бескөл ауылындағы өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ермек Ақтанов пен Қызылжар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Ахметжан Табылбаев салтанатты түрде табыс етті.
Асанов ауылы өрт сөндіру бөлімінен шалғайда орналасқандықтан, мұнда төтенше оқиға бола қалған жағдайда өртсөндірушілер жолға көп уақыт шығындайтын. Сондықтан “Әби-Жер” ЖШС-і негізінде бұл ауылда өрт сөндіру қосыны ашылған. Ал гараж меңгерушісі ешбір тосын жағдайда тосылып көрген емес. Тілсіз жаумен күреске қажетті көліктерді дер кезінде оқиға орнына жолдап, мінсіз қызмет атқарып отыр. Департамент басшылығы оның қалтқысыз еңбегін елеп, марапаттау қажет деп шешті.
Сондай-ақ, өрт сөндіру бекетіне аудан әкімі аппараты атынан өрт сөндірушілерге арналған жауынгерлік киімнің екі жиынтығы табыс етілді.
Бұл күні өрт сөндіру қосынындағы техниканың төтенше жағдайларға даярлығы да тексерілді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp