
Петропавлдағы орманда өткен жылдың сәуірінде із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.
	Полицияға саңырауқұлақтар терушілер қоңырау шалып, орман алқабында Омбы тас жолы бойындағы айналма жолда кездейсоқ адам сүйегіне тап болғанын айтқан.
	«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы бұрын хабар-ошарсыз кеткен 25 жастағы ер адамды анықтады. Сол жерден оның құжаттары, банк картасы және ақшалай қаражаты болған киімі тәркіленді», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
	Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, сараптама тағайындалды.
https://azattyq-ruhy.kz