«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мүфти жүлдесі жолында

Петропавлдағы “Күрес” мектебінде қазақ күресінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін ІІІ республикалық турнир өтіп, боз кілемде 74 килограмға дейін және одан жоғары салмақ дәрежелерінде жиырма балуан бақтарын сынады. Петропавл қаласынан, Тайынша, Уәлиханов, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Мағжан Жұмабаев және Ақжар аудандарынан үміткерлер күш пен шеберлік сынасты.

Алғашқы, 74 килограмға дейінгі салмақта он екі балуан сынға түсіп, бірінші және екінші орындарды Мәдиқажы Айғали (Петропавл) және Думан Кәсенов (Шал ақын) бөліссе, одан ауыр салмақта сегіз балуанның ішінен Әлжан Шоқан (Тайынша) мен Қайрат Хасенов (Тайынша) мерейге бөленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp