«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮШЕЛІК ЖАРНАНЫ ШЕГЕРІСКЕ ЖАТҚЫЗУ

Салық кодексінің 100-бабының 14-тармағы 2) тармақшасына сәйкес 2014 жылғы корпоративтік (жеке) кіріс салығын есептеген кезде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына төленетін міндетті мүшелік жарна Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен көлемде шегеріске жатады.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі №129-V “Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы” 28-Заңының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – ҚР Заңы), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және ҚР аумағында кәсіпкерлік қызмет жасайтын кәсіпкерлік субъектілері – коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары Ұлттық палатаның мүшелері болып табылады.

ҚР Заңының 29-бабының 1-тармағына сәйкес, съезде бекітілетін міндетті мүшелік жарна көлемін жыл сайын 1 шілдеге дейінгі мерзімде Ұлттық палата бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернет-ресурстарда жариялайды. Бұл ретте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарнаның шекті көлемі 2014 жылдың 21 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1560 Үкімет қаулысымен бекітілген.

Мысалы, есепті күнтізбелік жыл алдындағы күнтізбелік жылға жылдық кірісі алпыс мың есе айлық есептік көрсеткішінен асатын және біржарым миллион реттік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында жұмыс істеп тұрған есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында жүз алпыс айлық есепті көрсеткіш көлемінде болды. Өз кезегінде алдындағы есепті күнтізбелік жылға күнтізбелік жылдағы жылдық табысы республикалық бюджет туралы және алдындағы есепті күнтізбелік жылға күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыстағы заңмен белгіленген біржарым миллион реттік айлық көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына төрт мың төрт жүз айлық есепті көрсеткіш көлемінде белгіленді.

ҚР Заңының 29-бабы 3, 4-тармақтарына сәйкес Ұлттық палата жыл сайын 1 шілдеге дейінгі мерзімге Салық кодексінде (3-тар.) белгіленген салық органдары берілген тәртіптегі деректер негізінде міндетті мүшелік жарна бойынша есеп айырысу жүргізу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне есеп-шот жібереді.

Кәсіпкерлік субъектілері міндетті мүшелік жарнаны жыл сайын 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде төлейді (4-тар.).

Сонымен бірге, ҚР Заңының 32-бабындағы 9-тармағына сәйкес егер кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдындағы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында жұмыс істеп тұрған алдындағы есепті күнтізбелік жыл үшін алпыс мың реттік айлық көрсеткіштен аспаса, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап бес жыл бойы міндетті мүшелік жарна төлемінен босатылады.

Облыстық Салық департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp