«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰЗДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Көктем келісімен су қойма­ларындағы, тоғандардағы мұз ба­рынша жұқарады. Осыған бай­ланысты табиғатты қорғау по­­ли­циясы мен төтенше жағ­дай­ қызметкерлері балық ау­лау­ға шығатындарға қауіпсіздік ша­раларын сақтауды ескер­теді.

Қыста алаңсыз балық аула­ған орындар бүгінгі күні үлкен қауіп тудырады. Балықшылар­дың керек-жарақтары ауыр, сәй­кесінше мұзға салмақ түсіреді. Әсіресе, техникамен мұздың үстіне шығу аса қауіпті. Өмірі мен ден­саулығының қауіпсіз­дігін қамта­масыз ету үшін көктем мезгілін­де балық ау­лауға шығуды шек­теу қажет, ав­токөлікпен мұз бе­ті­не бармаған жөн. Облыстық по­лиция де­пар­таменті табиғатты қорғау поли­циясы тобының аға инс­пек­торы, полиция капитаны Ас­хат Қо­жабаевтың айтуынша, бар­лық қалалық, аудандық бө­лі­ністерге тоғандарда балық ау­лау кезінде қауіпсіздік шарала­рын барынша сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде нұсқау жолдан­ды.

Төтенше жағдайлар және ба­лық аулау инспекциясы қызмет­керлері өзен-көлдерде қауіпсіз­дік шараларын, балық аулау ере­желерін сақтау, сондай-ақ, ма­саң күйдегі қайғылы оқиға­лар­ды болдырмау мақсатында бақылауды жүзеге асыру үшін бірлескен топтар құрды.
– Уақытты үнемдеймін деп жұқа мұздың үстімен жүріп және көктем кезінде сүйікті ісі балық аулаумен айналысып, өз өмірі­не қауіп төндірмеген жөн. Қауіп­сіз­дік ережелерін міндетті түрде сақтауға шақырамыз, – дейді та­биғатты қорғау полициясының қызметкері Асхат Қожабаев.

Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің бас маманы.

Сурет https://kazlenta.kz/  сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp