«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰЗДА НЕСІ БАР?

Петропавлда тәртіп сақшылары орталық көшеде мұз қалашығын бұзған үш жасөспірімді ұстады.

29 қаңтар күні кешке 2004, 2005 және 2006 жылы туған үш бала Қазақстан Конституциясы көшесіндегі мұз қалашығындағы бірнеше мүсінді сындырған. Полиция қызметкерлері бейнекамералардың көмегімен оларды анықтап, Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізді.

Бұл дерекке қатысты “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 435-бабы, яғни «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша әкімшілік материал жиналды. Бұл бапта ата-анасына жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Аталған құқық бұзушылық бойынша материал Петропавл қалалық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарау үшін жолданады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp