«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰЗ ЖАРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Өңірде тасқынға қарсы іс-шаралар қолға алынып, құтқарушылар алдын алу шараларына кірісіп кетті. Мамандар облыс аумағында мұз кептелісінің алдын алу жұмыстарын атқаруда.

Бүгінге дейін мұз жару жұмыстары Қызылжар ауданына қарасты Красный Яр және Долматово ауылдарының маңындағы Есіл өзенінде (2,5 мың шаршы метр аумақта) сәтті жүргізілді.

Осындай шараларды Петропавл қаласы мен облыстың 8 ауданында жүргізу жоспарланған. Ол үшін Есіл мен шағын өзендерде 49 учаске белгіленді. Биыл бұл жұмыстарға бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда бес есе көбейтілді. Бұл мұз кептелісінің алдын алып, су тасқыны қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар құтқарушылар облыс орталығының маңында да мұз жару жұмыстарын жүргізбек. Аталған шаралар Ойқала шағынауданы мен саяжайлар маңында жүргізіледі деп жоспарланған. Мамандар тұрғындарға жарылыс болатын жерге жақындамауға кеңес береді.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp