«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰЗ ОЙЫЛЫП, МЕРТ БОЛА ЖАЗДАДЫ

Көктемде су айдындары адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қайта-қайта ескертіп жатса да, сақтық шараларын қолдану кейбіреулердің ойларына да кіріп шықпайды.

Сондай кеңеске құлақ аспағандардың бірі – петропавлдық тұрғын жұма күні Есіл өзенінің ортасына барып, қармағын суға тастаған. Алайда, мұз ойылып кетіп, ол суға бата бастаған. Абырой болғанда, осы оқиғаға куә жүргізушілердің бірі дереу судан құтқару қызметін шақырып үлгерген. Зардап шегуші алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін дереу №3 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Осы оқиға баршаға сабақ болса дейміз.

Виктор ДЕРЖАНСКИЙ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің суда құтқару қызметі бастығының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp