«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰЗ ҚАЛЫҢ ДЕП ОЙЛАМА…

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Есіл өзеніндегі қауіпті аймақтарда рейд өткізді.

Қыстыгүні балық аулау қызықты болғанымен, аса қауіпті әуесқойлық. Петропавлдық балықшылар өзенді жағалаған сайын құтқарушылар да сол маңнан табылады.

Жақында жедел-құтқару жасағы тұрғындардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейд жүргізді. Бұл жолғы рейд жергілікті телеарна тiлшiлерiнің қатысуымен өттi. Құтқарушылар жолдарында кезіккен балықшыларға тақырыптық парақшалар таратып, мұздағы қауiп-қатер жайлы ескертті, қатер төнген жағдайда қандай іс-әрекет жасау қажеттігін түсіндірді.

– Қыста мұз өзінің және үстінде жатқан қардың салмағынан ақырын жарыла бастайды. Одан адам өміріне қауіп төнеді. Құтқарушылар рейдке шыққан кезде мұз үстінде жүргендерге мұқият және абай болуды ескертті. Егер кімде-кім су айдын үстіндегі қандай да бір оқиғаға куә болса, жедел “112” телефоны бойынша хабарласқаны жөн, – дейді жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Черкасов.

Гүлмира САЛЫҚОВА,

төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp