«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰНАЙМЕН ЖҰМЫС – ЖАУАПТЫ ІС

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 30-дан астам ірі мұнай өнімдерін сақтау және өткізу нысандары орналасқан. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникаларының толыға түсуіне, жүк және жеңіл көліктер автопаркіндегі техниканың көбеюіне байланысты жанар-жағармайдың қажеттілігі арта түсті. Алайда, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау қоймаларының басым бөлігі ондаған жылдар бұрын салынғанын ескерсек, қазіргі уақытта оларды өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын ескере отырып қалпына келтіру қажеттігі туындап отыр.

Мысал іздеп алысқа барудың қажеті жоқ. 2010 жылы “Петропавл мұнайбазасы” ЖШС-інде мұнай өнімдері қалдықтарының тұтануы орын алды. Өрт салдарынан 2 адам зардап шекті. Нысанда өрт сөндіру жүйесінің дұрыс жұмыс істеуінің арқасында және өрт сөндіру машиналары мен от сөндіретін құралдарды (көбік шашқыш) пайдаланған өртке қарсы ерікті құраманың жедел қимылының нәтижесінде өрттің жайылуына және цистернаның жарылуына жол берілген жоқ.

Мұнай және мұнай өнімдері қоймаларын қайта құру кезінде көбікті өрт сөндіру және сумен салқындату жүйелерінің болуы ескерілуі тиіс.

Көлемі 5000 текше метр және одан да үлкен мұнай және мұнай өнімдерінің жер үстіндегі резервуарлары үшін ғимараттар мен қоймаларда автоматтандырылған өрт сөндіру жүйелері қарастырылуы керек. III санатты қоймаларда көлемі 5000 текше метр болатын жерүстілік екіден артық емес резервуарлар болса, тұрақты орнатылған көбікті генераторлармен және құрғақ құбырлармен (бұқтырмалар мен өрт сөндіру техникасына жалғастыратын жалғастыру бастары бар) резервуарлар жабдықталған жағдайда жылжымалы өрт сөндіру техникасы пайдаланылады.

Көлемі 5000 текше метр және одан да үлкен жерасты резервуарлары үшін I, II санатты қоймалардың ағызу-құю эстакадаларында және темір жол мен автомобиль цистерналары құрылғыларында өрт сөндірудің стационарлық жүйесі (автоматты емес) қарастырылуы керек.

Көлемі 5000 текше метрден кем жерүсті және жерасты резервуарлары, алаңда орналастырылған өнімдік сорғы станциясы, ағызу-құю эстакадасы және темір жол мен автомобиль цистерналары үшін III сыныпты қоймаларда өртті тым болмағанда жылжымалы өрт сөндіру техникасымен сөндіруді ойластырған жөн. Бұл ретте көлемі 1000-нан 3000 текше метрге дейінгі резервуарларда топырақ үйіндісінің сыртына шығарылған құрғақ құбырлар (бұқтырмасы және жалғастыру бастары бар) мен көбік генераторлары орнатылғаны дұрыс.

Көлемі 5000 текше метр және одан да көп жерүсті резервуарлары салқындатудың стационарлық қондырғысымен жабдықталуы тиіс. Жанбайтын материалдан жасалған жылу өткізбейтін резервуарлар үшін салқындатудың стационарлық қондырғысын өртке қарсы су құбырларымен жалғастырмауға болады, ондай жағдайда оның құрғақ құбырларын топырақ үйіндісінің сыртына шығарып, оларды жалғастыру бастарымен және бұқтырмамен жабдықтау қажет.

Көлемі 5000 текше метрден кем жерүсті резервуарына, сол сияқты көлемі 400 текше метрден көп жерасты резервуарларына салқындататын су жіберу үшін жылжымалы өрт сөндіру техникасын пайдалану қажет. I және II санатты қоймаларда темір жол цистерналарын, эстакададағы ағызу-құю құрылғыларын салқындату үшін стационарлық лафеттік ұңғылар болуы керек.

Темір жол цистерналарын, эстакадағы ағызу-құю құрылғыларын лафеттік ұңғылармен салқындатуға кететін жалпы су жұмсалымы екі лафеттік ұңғының бірмезгілдік жұмыс есебімен алынады, бірақ ол секундына 40 литрден кем болмауы тиіс.

Лафеттік ұңғылардың саны мен орналасуын темір жол цистерналарын суландыру жағдайына және эстакаданың әрбір нүктесінің тұтас шашып ағуына қарай анықтау қажет. Лафеттік ұңғымалардың саптамаларының диаметрі 28 мм-ден кем болмауы тиіс. Лафеттік ұңғыларды эстакаданың темір жол жолынан 15 метрден кем емес қашықтықта орналастыру қажет. Өртке қарсы сыйымдылықтағы ұсталмайтын су қорының қалпына келу уақыты (өрттен кейін) 96 сағаттан аспауы тиіс.

Резервуарлардағы, ғимараттар мен имараттардағы өрт сөндіру стационарлық жүйенің (автоматты емес) көмегімен және (немесе) жылжымалы өрт сөндіру техникаларымен жүзеге асырылуы қарастырылатын мұнай және мұнай өнімдері қоймалары үшін өрт сөндіру депосы, қосындары немесе өрт сөндіру құрал-жабдықтары мен техникаларының ғимараттары осы техникаларды орналастыру есебінде қарастырылуы тиіс. Бұл ретте өрт сөндіру деполары мен қосындарының орналасуы Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелері талаптарын есепке ала отырып қабылдануы қажет.

Айбек ІЛИЯСОВ,

  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында бақылау, салааралық қадағалау бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp