«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰРАЖАЙДАҒЫ ЕРЕКШЕ ТҮН

Жуырда облыстық полиция департаментінде өткен “Мұражайдағы түн” акциясына бір жүзден астам адам жиналды. Олардың қатарында оқушылар мен ата-аналары, Ұлттық Ұлан әскери институтының курсанттары, жас полицейлер мен ведомство ардагерлері болды.

Департамент бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев еліміздегі үздік ведомстволық мұражайлардың бірі ретінде танылған мекеменің жас полицейлер мен өскелең ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрибелеудегі маңызына тоқталды. Биыл қараша айында мұражайға 30 жыл толады. Осы уақыт аралығында бұл жерде 3 мыңнан астам экскурсиялар өткізіліпті. Жылдар бойы тірнектеп жиналған жәдігерлерді көріп, ішкі істер органдарының тарихымен 40 мыңнан астам адам танысқан. Жыл сайын мұражайдағы жәдігерлер толығып, құқық қорғау органдарының қызметкерлері туралы мәліметтер де артуда.

“Мұражай түнінде” қонақтарға шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, экскурсия ұйымдастырылды, өңіріміздегі құқық қорғау органдарының қалыптасу кезеңдері жайлы айтылды. Бүгінде мұнда сақталған төрт мыңнан астам экспонаттың арасынан келушілердің назарына әсіресе, полицейлердің киім үлгілері, қарулар коллекциясы ілікті. Атышулы қылмыстарға қатысы бар қарулардың түпнұсқалары да осы мұражайдан орын тепкен. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған экспозициялар, майдангерлер мен Ауған жеріндегі қанды ұрыстарға қатысқан тәртіп сақшыларына арналған залдардан да біраз ақпарат табуға болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp