«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰРАЖАЙҒА ТАПСЫРЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық музейлер бірлестігінде “Музейге сый тарту” акциясы аясында суретші, журналист, облыстың құрметті азаматы, марқұм Ожан Қалидың өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған кеш өтті. Оған қаламгердің туыстары, әріптестері, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты. 

Ожан Амандықұлы – Есіл ау­данындағы Сарман ауылының ту­масы. Алматыдағы Абай атындағы институтты аяқтаған соң еңбек жолын “Ленин туы” газетінде әдеби қызметкер болып бастады. Бұл кез тың көтерудің нағыз қызған шағы еді. Жас маман газеттің ауыл шаруашылығы бөлімінде ең­бек етіп, тың игерушілер ерлігін га­зет бетінде кеңінен насихаттауға үлес қосты. 1969 жылдан бастап Ожан Қали республикалық “Социалистік Қазақстан” қазіргі “Egemen Qazaqstan” газетінің Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын­дағы меншікті тілшісі болды. 20 жыл бойы екі облыстың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылы­ғы, білім, мәдениет салаларының хабарларын республикалық баспасөз беттерінде үзбей жариялап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді.

Жазушының сурет өнерімен де айналысқаны белгілі. “Қылқалам иірімдері” сурет-альбом кітабын­да ұзақ жылдар бойы салған 150-ге тарта полотно-суреттерінің ішінен облыстық, республикалық, одақтық көрмелерге қойылып, жүлде алған суреттері іріктеліп алынған. Суретші осы көрмелердің дипломанты, лауреаты атағы­на да ие болған.
Екі жылдың ішінде музейдің қо­рына облыс, қала тұрғындарының отбасылық мұрағаттарынан танымал адамдардың 1000-ға жуық заты түскен. Олардың арасында Ожан Қалиға да тиесілі дүниелер бар. Көбін Амангелді қажы Кенжеғозин тапсырған.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp