«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«МҰРАЖАЙ ПАРАДТАРЫ»

Жыл басынан бері ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен республикалық деңгейде «Мұражай парадтары» акциясы өткізілуде. Шара аясында облыс орталығындағы барлық музейлерге саяхат ұйымдастырылып, кейбір көне жәдігерлер қайта қалпына келтірілмекші.

Республикалық «мұражай парадтары» акциясы аясында, сондай-ақ, Халықаралық қарттар күніне орай қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері облыстық полиция департаментінің музейіне барып, жәдігерлермен танысты. Бұған дейін олар қала мектептеріндегі 10-ға жуық мұражайда болып, енді арнайы бағдарлама жасамақ ойда.
 «Олардың әрқайсысының паспорттары болу керек. Онда қандай жұмыстар атқарылғаны, қанша жәдігер бар екені көрсетілгені жөн. «Жастар жылы» аясында жастардың, қарттардың қатысуымен қандай шаралар өткізіп жатқанын тексеріп, көмектессек деген мақсатымыз бар», – деді Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Сара Тасеменова.
 Қалалық ардагерлер кеңесі тұрақты комиссиясының төрайымы Любовь Соболева мәдени орындарға барғанды ұнатады екен. Ол өңір жастары арасында мұражай құндылықтарын насихаттаған дұрыс деп есептейді. Сондықтан мұндай шараларға немересін ертіп жүруді әдетке айналдырған.
 «Мұражай парадтары» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып отырған бұл шараға 40 ардагер келіп, музейдің тарихымен танысты. Кең көлемді акция келер жылдың 9 мамырына дейін жалғаспақ. Облыс орталығында бүгінгі күні 43 музей бар болса, оның тек үшеуі ғана мемлекеттік мұражай тізіміне енгізілген.
 Сондай-ақ, мереке қарсаңында ардагерлер кеңесінің Құрмет кітабына елге еңбегі сіңген өңір тұрғындарының есімдері енгізілді. Бүгінгі күні аталмыш кітапта облысымыздың атақты адамдарының 21-нің аты-жөні жазулы. 

http://petropavltv.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp