«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

АРДАҚТЫ АҒА

«Мен үлкен жұмыс атқарып жатырмын. Өңірдегі өрелі журналистің бірімін, еңбегім еленбейтіні қалай?» – деп емеуірін танытпаған, ондай ойы да болмаған ардақты ағамыз Дүйсенбі Әуелбековтің туғанына 95 жыл толып отыр. Елудің ар жақ-бер жағындағы кемел шағында мен ол кісімен бірге қызмет істедім. Жазғандарын оқитын диктор едім. Бұл қызметке 1969 жылы конкурстан өтіп қабылдандым. Осы жұмыстың жетегінде …

АРДАҚТЫ АҒА Read More »

АСҚЫНДЫРМАҒАН АБЗАЛ

Өңірде мыңнан астам адам колоректальды обырмен диспансерлік есепте тұр. Өткен екі айда қатерлі ісік жаңадан 27 адамда анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көбірек. Колоректальды қатерлі ісік – бұл тоқ және тік ішектің әртүрлі бө­ліктерінің қатерлі ісігі туралы жал­пы түсінік. Онкологиялық ау­ру­лар­­дың ішінде бұл патология жайын­да ақпарат аз, сал­дары­нан сырқаттар арасында дерт жайында түрлі …

АСҚЫНДЫРМАҒАН АБЗАЛ Read More »

ТЫҢ ИГЕРУДІҢ ТАУҚЫМЕТІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Тың өлкесіне – 70 жыл” атты кеш өтті. Шараны облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Ұйым төрағасы Ескендір Елеусізов жиналған аға буын өкілдеріне алғысын білдіріп, алғашқы тың игерушілердің еңбектері ерлікпен пара-пар болғанын атап өтті. “Қазіргі жастар” алдыңғы толқынның көрген қиындығын ертегідей қабылдауы мүмкін. Олардың қажыр-қайратқа толы өмір жолдарынан сабақ алып, еліміздің егіс …

ТЫҢ ИГЕРУДІҢ ТАУҚЫМЕТІ Read More »

Мейірім отын маздатқан

Қызылжарлық “Сенім. Үміт. Мейірім” қорының ұйымдасты­руы­мен қалалық Мәдениет үйін­де концерт өтті. Шараға өңір­дің әлеуметтік саласына үлесін қо­сып жүрген белсенді­лер шақы­ры­лып, құрметке бө­ленді. Шара барысында әлеу­меттік жоба­ларға қатысып, қайы­рымдылық­пен айналысып жүрген 18 ерік­тіге марапаттар табысталды. Қор жетекшісі Неля Штайн­бренердің қайырымдылықпен айналысып жүргеніне біраз жыл болды. 2015 жылы онко­логия­лық ауруға шалдыққан ол еш­теңеге мойымай дертінен айық­қан. Содан …

Мейірім отын маздатқан Read More »

Тағылымды әңгіме

С.Мұқанов атындағы облыс­тық ғылыми-әмбебап кітапханада тәуел­сіздікке арналған жиын өтті. Аға буын өкілдері мен жас­тар кездесіп, өскелең ұрпақ үшін тағылымы мол, тұ­шымды әңгі­ме өрбітті. Қазіргі жастарға қазақ жері тәуелсіз ел атанғанға дейін небір зұлмат­ты жылдарды бастан өткергенін ай­тып отырған абзал. Себебі мына кең байтақ жерді ұрпаққа аманаттау үшін арпалысқан батырларымыздың ерлі­гі, жанқиярлығы ұмытылмауы керек. Одан бері …

Тағылымды әңгіме Read More »

Ақша бопсалаған

Петропавл қалалық полиция басқармасына облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны келіп,  бейтаныс адам оның 17 жастағы ұлын қорқытып. 10 мың теңге көлемінде ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы сауда үйлерінің бірінде ақшаны алып кетіп бара жатқан жерінде 18 жастағы петропавлдықты ұстады. Тінту кезінде одан 10 мың теңге …

Ақша бопсалаған Read More »

Сотты алдамақ болған

Еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аса ірі мөлшерде есірткіні сатқандарға 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Көп жағдайда қылмыскерлер жауапкершіліктен жалтару үшін есірткіні өзі пайдалану үшін сатып алғандарын айтып, құқық қорғау органдарын сендіруге тырысады. Мәселен, наурыз айында “мефедрон” және “тұз” деп аталатын есірткімен ұсталған 22 жастағы петропавлдық сот отырысында жалпы салмағы …

Сотты алдамақ болған Read More »

ГАЗЕТ ТАРИХЫ

Өз дәуірінің айнасы Қазақ баспасөзі – ұлтымыздың ұлы тұлғаларының арманы еді, өзге озған жұрттармен қазақ баласының терезесін теңестіруге ұмтылысы еді. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» дегенге иманынан бетер табынған халық ауызекі тілден гөрі сауатты, тасқа басылған әріптермен әдіптелген кітап сөзіне зәру екенін ерте түсінген Алаш ғұламалары қараңғылықтың шеменіне шегенделген халықтың рухани бостандығын, …

ГАЗЕТ ТАРИХЫ Read More »

МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов облыс орталығындағы бірқа­тар құрылыс нысандарын аралады. Береке шағынауданында салынып жатқан түзету мектеп-интернатының құрылысымен танысты. 50 адамға арналған жатын корпусы бар 300 орындық түзету мектеп-интернаты келесі жылы ашылуы тиіс. Абат­тан­дыру және инженерлік желілер тарту басталмаған, әлі жобалау сатысында. Бұл жұмыс­тарды шымкенттік фирма орын­дайды. Облыс әкімі шағынаудан тұр­ғындары арасында саламатты өмір салтын насихаттауға …

МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР Read More »

Адал еңбек – ардың ісі

Тәуелсіз Қазақстанда рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келе жатқаны бізді, аға ұрпақты, қатты қуантады. Ондай жастар ауданымызда да аз емес. Оларға отаншыл, жасампаз, батыл, ізденімпаз, білімге құштарлық тән. Қай-қайсысы болсын еліміздің болашағы жарқын боларына үлкен сеніммен қарап, өз тағдырларын туған жерімен, атамекенімен байланыстырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде жастарымыз …

Адал еңбек – ардың ісі Read More »

Қалқанша безінің қатерлі ісігі

Өңірде қалқанша безі қатерлі ісігіне шалдыққан 746 адам есепке алынса, соның әр он екіншісі ғана ер адам. Әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі дерт жайында, оның белгілері мен алдын алу жолдары туралы облыстық көпбейінді аурухана жанындағы онкологиялық орталықтың торакалды бөлім меңгерушісі Рашид Алиев айтып берді. Маманның айтуынша, қалқанша безі қатерлі ісігі басқа онкологиялық ауруларға қарағанда өте …

Қалқанша безінің қатерлі ісігі Read More »

ЫМЫРАСЫЗ КҮРЕС

Жемқорлық мемлекетіміздің дамуына тұсап салып, кедергі келтірері жасырын емес. Бабаларымыз “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ”, – деп бекер айтпаған. Оған әділдік пен турашылдықты өмірлік мақсат еткен от ауызды, орақ тілді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік мұралары дәлел. Қазіргі ел саясатында берік ұстанатын басты бағыттардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес. …

ЫМЫРАСЫЗ КҮРЕС Read More »

Сандық технология тиімді

Қоғамның барлық са­ласы­на жаңа технологиялар ен­гізіліп жатыр. Цифрландыру жал­пы мемлекет бойынша, оның ішінде, құқық қорғау ор­ган­дарында да прогрессивтік да­мудың түйінді факторы саналады. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне қарасты облыс­тық басқарма “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық жобаларды жүзеге асыруды басты мақсат еткен. Олардың қата­рын­да “Электрондық қылмыстық іс”, “Әкімшілік құқық бұзушылықтардың …

Сандық технология тиімді Read More »

АР ТАЗАЛЫҒЫ – ЖАН БАЙЛЫҒЫ

Соңғы уақытта адамның рухани дүниесі, ұлттық ой-сана, адами қа­сиеттер, азаматтық ар жайлы жиі ай­тылып, баспасөз бетінде талқыла­нып жүргені белгілі. Өкінішке қарай, заман ағысы мен қоғамның бета­лысы солай болып бара ма, бүгінгі адамдар арасында әйтеуір баю жолын іздеп, шарқ ұрып, бетпер­де­лерін сыпырып тастап, неше түрлі құйтырқы істерге барып жүрген пы­сықай адамдардың пейі­лін, жан-дүниесінің ұстанымын түсі­ну қиын …

АР ТАЗАЛЫҒЫ – ЖАН БАЙЛЫҒЫ Read More »

Сарбаз болуға асық

Отан алдындағы борышын өтеу – әр бозбаланың абы­ройлы міндеті. Еліміздің Қарулы Күштері қуатты болсын десек, қайсар, отаншыл жандардың әскер қатарында көп болғаны дұрыс. Елдің қорғанысы тек заманауи қару-жарақ, соңғы үлгідегі көліктер мен тың тактикаға ғана бай­ланысты емес. Әскердің айбынын асырып, қуатты ететін басты күш – жауынгерлік рух. Осыны білген бабаларымыз отансүйгіштік қасиетті баласына бесіктен сіңірген. …

Сарбаз болуға асық Read More »

Негізсіз тексермек болыпты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүс­тік Қазақстан облысы бойынша департаменті республикалық тәжірибені талдау аясында шағын және орта бизнес өкілдерін негізсіз тексеру фактісінің алдын алды. Облыс аудандарының және Пет­ропавл қаласының білім бөлімдері жекеменшік балабақшалармен жа­са­ған шарттарға тексеру іс-шараларын жүргізу құқығын бере­тін тармақты енгізген. Қазір облыста 18 жекеменшік мек­тепке дейінгі ұйым жұмыс істей­ді. Кәсіпкерлер мен білім бөлімдері …

Негізсіз тексермек болыпты Read More »

ШЫҚҚАН ҚЫЗ – ШИДЕН ӘРІ

Қазақ халқы әлімсақтан ұлт, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген ғой. Соның бір шоғыры қыз ба­ла­лардың келешегіне арналған. “Қызың өссе – жақсымен ауылдас бол”, “Қызды – қияға, ұлды – ұяға”, – деген тәмсілдер бекерден-бекер айтылмаған. Бір өкініштісі қазіргі қоғамда ата-бабаларымыз те­мір­­қазық етіп кеткен салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар өз деңгейінде орындалып жүрген жоқ. Со­ның салдары болса керек, қағынан безінген …

ШЫҚҚАН ҚЫЗ – ШИДЕН ӘРІ Read More »

АЙРЫҚША ҚОЛДАУҒА ИЕ

Мемлекет тарапынан ұстаздар қауымын қолдау өз жемісін беріп келеді. Педагогика саласы қызмет­керлерінің жалақысы бірнеше рет көбейтілді. Тәрбиешілердің әлеу­меттік мәртебесі арттырылып, олар­дың да еңбекақысы өсірілді. Бұл – сала мамандарына көрсетілген зор құрмет пен сенімнің белгісі. Кәсіподақтар да ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру жолындағы ізгі ниетінен айнымайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кә­сіподақтар федерациясының ХХVI съезінің делегаттарына жолдаған үндеуінде …

АЙРЫҚША ҚОЛДАУҒА ИЕ Read More »

“Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын…”

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров қазақтың біртуар перзенті, арқалы ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған “Мен жастарға сенемін!” атты челленджге қатысып, Алаш ардақтысының “Мен кім?” деген өлеңін мәнерлеп оқып берді. “Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Алаш қайраткері, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Осыған орай, Мағжан Жұмабаев ауданының оқушысы Жасмин Қалдыбек “Мен жастарға сенемін” …

“Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын…” Read More »

Мағжанның портреті

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – жыр әлеміндегі жарық жұл­дыз Мағжан Жұмабаевтың порт­реті. Оны қорға Қазақстан Республика­сы Мәдениет министрлігінің “Мә­дениет қайраткері” белгісінің иеге­рі Разипа Алпысбайқызы Тәженова құрметті демалысқа кетерінде сыйға тартыпты (6 желтоқсан, 2021 ж.). Разипа апамыздың айтуынша, М.Жұмабаевтың бұл суретін Су­рет­шілер одағының мүшесі Ма­ғауия Аманжолов ақынның 100 жыл­­дығына орай тапсырыспен сал­ған екен. Той …

Мағжанның портреті Read More »