«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНІҢ ҚҰБЫЛАСЫ

Қазақстан қажылар қауымдастығының төрағасы Еркін Дуанаевқа, Түркістан орталық мешітінің бас имамы Әбдімәлік қажыға, Сәлима, Самат, Қанат қажыларға және биыл қажылық

парызын орындаған ел қажыларына арнаймын.

 

Иә, Алла! Шүкіршілік бергеніңе,

Қағба мен Арафатты көргеніме.

Қажылық – мұсылманның бір

парызы,

Зиярат, тауап етіп жүргеніме.

Меккенің тұрған жері – тау менен

тас,

Ыстықтан тәнің күйіп, айналар бас.

Жаратқан ризықтың молын берген,

Өзгеше қасиеті бар екені рас.

Арафат – ата-ана әуел кездескен

жер,

Іздеуде бірін-бірі төгілген тер.

Алланың кешірімі болғаннан соң

Құрылған осы жерде алғашқы төр.

Көбейіп осы жерде ұрпақ сүйді,

Жасауға құлшылықты құрды үйді.

Ол – Қағба, Арабия шұғыласы,

Мұсылман әлемінің құбыласы.

Алла ғой ұлы, аса құдіретті!

Тасты тесіп, зәмзәмді гүжілдетті.

Шөлдеген Исмаилға сусын беріп,

Бабасын Мұхаммедтің тірі етті.

Қағбада ізі қапты Ибраһимнің,

Даңқы асқан, дауы бар оған кімнің?!

Қағбаны баласымен қайта салып,

Көркіне шырай берген Алла үйінің.

Мақтаймыз мейірімі мол Алланы,

Зәмзәмді Исмаилға арнағаны.

Теңіз де содан бері сарқылар ед,

Діннің рас бар әлемге тарағаны.

Меккедей мекен жоқ қасиетті,

Екі миллион жан биыл құбыла етті.

Күн санап мұсылмандар көбеюде,

Келешек Исламда деп көзім жетті.

Ислам – бабаларым таңдаған дін,

Іліммен жарық болды қараңғы түн.

Мұхаммед адамзаттың абзалы ғой,

Бұдан да нұрлы болар

алдағы күн!

Шерияздан қажы БАШЕЕВ.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp