«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН КУРС

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясымен ынтымақтастық аясында шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған курс ұйымдастырды.

 Шара аясында білім академиясының шағын жинақты мектептерді дамыту жөніндегі орталығының өкілдері біріктірілген сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуде. Орталық директоры Гүлнәр Құдайберген жаңартылған мазмұн бойынша білім берудің заманауи жүйесін таныстырды.
Курс барысында ұстаздар мамандарды тыңдап қана қоймай, алған ақпараттарын тәжірибе жүзінде бекітуге де мүмкіндік алды. Мәселен, ұзақмерзімді жоспарды жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, біріктірілген сыныптарды оқытуда орта және қысқамерзімді жоспарлар жасаудың амалын анықтады. Мамандар формативтік бағалау формалары жайлы баяндап, оқушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланыс орнатудың маңызына тоқталды.
Алдағы уақытта астаналық мамандар жергілікті педагогтармен бірлесіп, ортақ нұсқаулық шығармақшы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp