2016 жылдан бастап білімі мен біліктілік санаты жоғары мұғалімдер-дің жалақысы 66 пайызға өседі. Бұл жөнінде “Үздік мұғалім” республи-калық байқауының жеңімпаздарын марапаттау кезінде Қазақстан Рес-публикасының Білім және ғылым ми-нистрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
“2016 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап азаматтық қызметкерлердің ең-бекақысын төлеудің жаңа моделі енгізіліп отыр. Бұл, ең алдымен, білім саласының қызметкерлеріне қатыс-ты. Мұғалімдердің жалақысы олар-дың білім деңгейі, біліктілік санаты, еңбек түрі, жүктемесіне байланысты анықталады. Жалақы үстемеақысы-ның жаңа жүйесі енгізіліп отыр. Олар өтемдік және ынталандырушы болып бөлінеді. Өтемдік үстемеақылар жұмысшының еңбек жағдайына бай-ланысты болады, ал ынталанды-рушы үстемеақы еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін сыйақы ретінде берілмек. Егер барлық қызметкер-лерді қоса алатын болсақ, жалақы 27 пайызға өседі. Ал педагог қызметкер-лердің жалақысы орташа есеппен 44 пайызға артады. Соның ішінде, білімі жоғары және біліктілік санаты жоғары мұғалімдердің еңбекақысы – 66 па-йызға, білімі жоғары, І санаттағы жо-ғары білімі бар мұғалімдердің жала-қысы – 51 пайызға, орташа білімді және біліктілік санаты жоғары мұға-лімдердің еңбекақысы – 64 пайызға және І санаттағы жоғары білімі бар мұғалімдердің жалақысы 43 пайызға артады. Осы мақсатта республика-лық бюджеттен шамамен 200 млрд. теңге бөлінді”, – деді министр.
Ақмарал ШАҒАТАЙ.
BNews.kz