«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰҒАЛІМДЕР ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

 

 

Үкіметте “Педагог мәртебесі туралы” заң жобасы қаралып, құжат бірауыздан бекітілді. Оған сәйкес, ұстаздар кәсіби қызметінен тыс жұмыстардан арылатын болды. 

 

Енді тәлімгерлер қосымша жұмыс істеген жағдайда еңбегіне қосымша ақы алатын болады. Ал, оларды еркінен тыс жұмысқа тартқандарға айыппұл салынады. Жалпы, заң жобасы 192 бап пен 5 бағыттан тұрады. Яғни, материалдық және материалдық емес ынталандыру, әлеуметтік кепілдіктер, ұстаздардың құқықтарын кеңейту, мұғалімдердің жүктемесін азайту сынды өзекті мәселелерді қамтиды. «Сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін ақыны 2 есе өсіру және педагогтерге педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу қарастырылған. Сонымен қатар заң жобасында барлық педагогтер үшін демалыс уақытын 56 күнге дейін ұлғайту қарастырылды. Магистр дәрежесі үшін және тәлімгер болғаны үшін қосымша ақы төлеу және тағы да басқа шаралар қарастырылып отыр» деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Яғни, сыныпқа жетекшілік еткен және дәптер тексеріп көз майын тауысқан мұғалімдерге шамамен 5 мың, жас мамандарды үйреткен аға ұстаздарға 17 мың және магистр дәрежесі бар оқытушыларға 25 мың теңге қосымша ақы төленбек. Ең бастысы, 4 жылда жалақы 2 есеге өседі.
Премьер-министр Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне заң жобасын жылдам әзірлеп, күшіне енгізуді тапсырды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp