Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде арнаулы орта білім беру мұғалімдерінің арасында спорттық жарыс өтті. Осыдан екі жыл бұрын ұйымдастырылған сайыста ұстаздар волейбол, шахмат, дартс бойынша сынға түссе, осы жолы спартакиада ойындарының тізіміне бес асық және асық ату атты ұлттық ойындар енгізілген.
Сайыс қорытындысында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі бірінші орынға ие болды. Күміс медальді Петропавл агротехникалық колледжі ұтып алса, үздік үштікті Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі түйіндеді.
“Қызылжар-Ақпарат”.