«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰҚАНОВ МҰРАСЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Сәбит Мұқанов тағылымы» деген атаумен Мұқанов оқулары өтті.

Шараның ашылуында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртісі Нұрхан Салауатов қаламгердің «Мен кіммін деп мақтанам?» атты өлеңін оқыды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Аманжол Зағыпардың арнауы әсерлі шықты. Облыстық оқушылар айтысының жүлдегері Абзал Сарбай нақышына келтіре оқыған Сәбит Мұқановтың «Жазғы күні орманда» атты өлеңі жиналғандардың ыстық ықыласын оятты.

Осыдан кейін Алматы қаласындағы белгілі ғалым- мұқановтанушылар онлайн байланысқа шығып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы келелі әңгіме өрбітті. С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры болған, ғалым, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Әділғазы Қайырбеков «Хаттар шерткен сыр» тақырыбында баяндама жасады. Филология ғылымдарының докторы, профессор, мұқановтанушы, Тұрсынбек Кәкішевтің зайыбы Күләш Ахметова «Сәбит Мұқанов туралы аңыз бен ақиқат» тақырыбында сөз сөйледі. Іс-шараға Сәбит Мұқановтың немере інісі Ермек Мұстафин қатысып, ағасының ғұмырдариясына терең бойлады.

Майра ӘШІМОВА,

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp